Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Балаларға дәріханада сатылатын дәрумендерді берген дұрыс па?

Майгүл
Жауап қалдырылды 20 Қыр, 16

Дәруменді-минералды кешендерде жемістер мен көкөніс құрамындағы дәрумендер бар. Екекуінің басты айырмашылығы - құрамындағы дәрумендер мөлшері ғана. Арнайы дәрумендерде олар қатаң түрде белігілі бір мөлшерде кездессе, жемістерде әр түрлі. Ал ол өнімдердің қаншалықты ұзақ әрі қайда сақталғанына байланысты. Оған қоса қандай жағдайда, қалай өсірілгендігінің де маңызы зор. Одан бөлек, көптеген көкөністерді шикі күйінде асқа қолдану мүмкін емес. Ал жылумен өңдегеннен кейін көптеген дәрумендер жойылады.

Әдетте жемістер мен көкөністерде дәруменнің аз мөлшері бар. Сондықтан организімізді бета-каротинмен қуаттау үшін, бір емес, бес сәбіз жеуге тура келеді.

Көптеген дәрумендерді өсімдік негізді тағамдардан ала алмайтынымызды естен шығармау керек. Оларды жануар негізді тағамдардан алуға болады. Мысалы, теңіз өнімдерінде баланың денсаулығы үшін өте маңызды мыс бар. Бірақ балық және басқа да теңіз өнімдерін ұнатпайтын балаларды мұндай өнімдермен ауқаттануына мәжбүрлегенімізбен, көне қоятындары аз.

Қазір оқып жатыр