Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

"Дориан Грей портреті" романы не туралы?

Айғаным
Жауап қалдырылды 27 Қыр, 16

Дориан Грей портреті

ІІІ бөлім

Болған оқиғадан кейін Дориан қайтадан азғын өмірге оралады. Осыдан бастап портреттегі бейнесі өзгере бастайды. Одан секем алған жігіт суретті көзден таса жерге қояды. Дорианның мұнан кейінгі 20 жыл өмірі бір бөлімге сыяды. Ол жаңа қызықтармен әуестенгені сонша, өз жанын ұмытып, сырт келбетіне масаттанады. Оны мұндай күйден ешкім де шығара алмайды. Арада біраз уақыт өткеннен кейін Дорианға портретті сыйлаған ескі досы келеді. Дорианды көріп таңданған Бэзилге жас жігіт портреттегі шынайы бейнесін көрсетеді. Бірақ ондағы Дориан бейнесінің қорқыныштылығы сонша, суретші тұрмақ, жас жігіттің өзі де шошынады. Осыдан кейін ол болғанның бәріне суретшіні кінәлап, өз қолымен өлтіреді. Дориан бәрін ұмытуға тырысады. Бірақ портрет оған маза таптырмады. Себебі ол Дорианға шынайы бейнесін көрсететін. Мұның бәріне шыдамаған жас жігіт портретке пышақ ала жүгіріп, талқанын шығарады. Шуды естіген қызметшілер Дорианға асыға жетеді. Олар бөлмеден шалдың қорқынышты денесі мен жас жігіт бейнелеген, уақытқа бағынбайтын портретті көреді. Портертте бір сызат та жоқ еді. Атақты жазушы Оскар Уайльдтің романы осылайша аяқталады. 

Айғаным
Жауап қалдырылды 27 Қыр, 16

Дориан Грей портреті

ІІ бөлім

Сибиладан сұлулық пен дарындылық үйлесімін көрген жас жігіт бірден Бэзил мен Генриге некелесетінін айтады. Бұл хабарға қуанғандар аз еді. Барлығын Дорианның болашағы алаңдата бастайды. Десе де жас жігіттің тәлімгерлері Сибила ойнайтын спектакльге келуді ұйғарады. Спектакльде Сибила Джульетаның рөлін сомдайтын еді. Алайда барлығы көрініске тәнті болмады. Алдағы неке үшін шаттықтан әуеде қалықтаған Сибила өз рөлін ықылассыз сомдайды. Мұны көрген Дориан қызға өз сезімін дарынсыздығымен өлтіргенін айтады. Ұйқысыз түн өткізген Дориан сүйіктісіне хат жазып, татуласқысы келетінін хабарлайды. Бірақ оның спектакльден кейінгі сөздерін көтере алмаған қыз өз-өзіне қол жұмсаған еді. 

Айғаным
Жауап қалдырылды 27 Қыр, 16

Дориан Грей портреті

І бөлім

Оқиға дарынды суретші Холлуордтың ескі досы Генри Уоттонмен кездесуімен басталады. Бұл уақытта суретші жас әрі сымбатты ер адам Дориан Грейдің портретін салып жатқан еді. Көп уақыт өтпей-ақ, жас жігіт Бэзилдің үйіне келеді. Жігіттің ерекше сымбаты, сұлулығы лорд Уоттонның өзін таңдандырады. Портрет салынып болғаннан кейін, Дориан сән-сымбатының өмір бойы осы қалыпта қалғанын, орнына портреттегі бейнесінің қартайғанын қалайтынын армандап, тілге тиек етеді. Бұл сөзге ерекше әсерленген суретші портретті жас жігітке сыйға тартады. Мұнан кейін лорд Генри жас жігітті байлар әлеміне көңіл көтеріп, сауық-сайран құруға шақырады. Уақыт өткен соң Дориан Грей әртістік жолға енді түскен Сибила Вэйнге ғашық болады. Сұлу да нәзік, дарынды қыз ескі театрдың жанында тоңып тұрады. Қыздың өмірі оңай емес. Ол анасы және бауырымен кедейлікті өмір сүретін. Дорианды көрген Сибила аспаннан түскен періштені көргендей күйде болады.

Қазір оқып жатыр