Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Бисквитті қалай жасайды? Рецепті бар ма?

Назым
Жауап қалдырылды 27 Қыр, 16

Классикалық бисквит рецепті

Қажетті заттар:

  • жұмыртқа - 4 дана
  • ұн - 100 г
  • қант - 150 г
  • ванильді қант - 15 г (1 шай қасық)
Дайындалуы:
  • Жұмыртқаның ақуызы мен сарысын бөліп аламыз. 
  • Сарысын ыдысқа салып, қанттың жартысын және ванильді қант қосамыз. 
  • Жұмыртқаның сарысы мен қантты әбден ағарғанша шайқаймыз. 
  • Ақуызын бөлек ыдысқа салып, шайқаймыз. Шайқап тұрып аздап-аздап қанттың қалғанын қосамыз. 
  • Қант қосқаннан кейін де шайқауды жалғастырып, ыдысты төңкергенде төгілмейтіндей күйге келгенше шайқаймыз. 
  • Шайқалған ақуыз бен жұмыртқаның сарысын қосып, асықпай араластырамыз.
  • Қоспаға елеуіштен өткізілген ұн қосамыз. Мұнан кейін жақсылап араластырамыз.
  • Қамырды пісіруге арналған қалыпқа құйып, бетін тегістейміз.
  • Бисквитті 180 градусқа алдын-ала қыздырылған пешке қойып, 30-35 минут көлемінде пісіреміз.
  • Суыған бисквитті майлықпен жауып, бөлме температурасында 8-12 сағатқа қойып қоямыз. 
Астарыңыз дәмді болсын!

Қазір оқып жатыр