Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Білезікті қолдан жасауға бола ма? Оны неден жасайды?

Айжан
Жауап қалдырылды 29 Қыр, 16

Матадан жасалған білезік

  • Ең алдымен матадан бірдей не түрлі диаметрдегі дөңгелектер кесіп алу қажет. Олардың көлемінен моншақтардың көлемі байланысты. Бәрі де сіздің қиялыңыз бен қалауыңызға байланысты. 

  • Сізге таңдаған матаңыз түстес жіп және әр моншаққа көлем беру үшін ішіне салынатын синтепон керек. Бірақ синтепонды салмасаңыз да болады. Дөңгелекті кесіп алған соң, шетінен 1 см қалдырп, дөңгелетіп отырып тігеміз. 
  • Мұнан соң жіптің бір шетін тартып, жиырылған дөңгелекшенің шетін ішіне қайырып саламыз.
  • Енді сізге моншаққа өз қалауыңыздағы пішінді бере аласыз. Оның бүрмелі болғаны дұрыс. Бірақ нәтижесінде ұқыпты жасалған моншақ шығуы тиіс.
  • Осылайша жеткілікті мөлшерде моншақ жасап алып, оларды жинастыруға кірісіңіз. Әр моншақты кішкентай сумоншақпен, жылтырақтармен безендіруіңізге болады. Ал моншақтардың арасына пластик не ағаштан жасалған моншақ орналастыру арқылы бұйымның сәнін ерекше ете аласыз.  Егер білезік жасағыңыз келсе, моншақты резеңкеге тізгеніңіз жөн. Сонда оны еш қиындықсыз қолыңызға тағып, шеше аласыз. Немесе жіңішке лентаға, жіпке тізуіңізге болады. 

Қазір оқып жатыр