Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Ерлік туралы тәрбие сабағында не айтуға болады?

Талқылау
Пікір
Мейрам
29 Қыркүйек, 16

Қылышымен жер тіліп, найзасымен көк түйреген батыр бабаларымыздың бүгінге жеткен ерлігі қаншама. Шыны керек, бүгінде дархан далада емін-еркін тіршлік кешуіміз - бабаларымыздың ерлігінің жемісі. Қазақтың түп бастауы Сақ тайпасында жатса, сонау біздің заманымыздан бұрын өмір сүрген бабаларымыз жер жүзін аяғының астына алған. Айбатынан сескенген қытайлар Ұлы қытай қорғанын салған. Қорғанның көлемі, құрылыс ерекшелігі бүгінге дейін айтылып, таңдантып келеді. Ал сол қорғанды тұрғызуға мәжбүр еткен бабаларымыз неткен ер еді! Онан қалса, түркілердің батылдығы да қаншама томға сыятын тарих. Керей мен Жәнібек Әбілқайыр ханнан бөлініп шығып, қазақ хандығын құрғаны ерлік болса, хандықтың тұғырын берік ұстаған хандарымыз бен батырларымыздың ерлігін тізбектеп айту қаншама уақытты қажет етеді. Осындай батыр бабалардың ұрпағы Ресей патшалығының езгісіне езілмей, бостандық алу үшін қаншама тер төгіп, өз өмірін құрбан етті. Ұлы Отан соғысында да ерлігімен көзге түскен, рейхстагқа ту тіккен біздің ержүрек бабаларымыз еді. Тәуелсіздік таңының атуына қаныменен, жаныменен үлес қосқан, қыршынынан қиылған жастарымыз қаншама? Олардың көзсіз ерлігі болмаса, қазақтың бүгінгі күнге жетер-жетпесіне кім кепіл? Айта берсек, біздің елдің тарихы ерлікке, елдікке тұнып тұр.

Ұстаздарға категориясындағы басқа сұрақтар
0
Дариха
1 ай бұрын пайда болды

“Қана” ма әлде “ғана” ма?

Бала емес ересектеу екенбіз,

Дайын аспен, уйімізге бөтенбіз,

Бауыр менен ата-ананы сағынсақ,

Барып қайтар қонақ ғана

екенбіз.- осы өлеңде қонақ - "ғана" дұрыс жазылған ба? немесе дұрыс -" қана" - сөзі жазылу қажет пе?

0
Marzhan
3 жылы бұрын пайда болды

«Тәрбие» сөзіне көптік жалғау жалғана ма?

2
Кәрмен
6 жыл бұрын пайда болды

Рухани жаңғыру тақырыбында сабақ жоспары бар ма?

2
Архат
6 жыл бұрын пайда болды

Қазақ тілі туралы шығарма бар ма?

2