Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Алма джемін қалай жасайды? Рецепті бар ма?

Еңлік
Жауап қалдырылды 29 Қыр, 16

Алма джемі

Қажетті заттар:

  • алма - 1 кг
  • қант - 750 г
  • су - 0,5 стақан

Дайындалуы:

  • Алманы жақсылап жуамыз.
  • Оларды қабығынан тазалап, орта көзді үккіштен өткіземіз. Дәл осы уақытта қант шәрбатын отқа қоямыз.
  • Шәрбат қайнағаннан кейін, оған алма езбесін қосамыз. Орташа отта 1 сағат мөлшерінде қайнатамыз. Араластырып тұруды ұмытпаңыз.
  • Қайнау барысында джем қоюлана түседі. Бір сағат қайнатқаннан кейін суытып қоямыз. Одан соң құтыға құямыз. Джемді тоңазытқышта сақтау қажет.

Астарыңыз дәмді болсын!

Қазір оқып жатыр