Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

"Ақсақ құлан" аңызын білесіздер ме?

Мәлік
Жауап қалдырылды 29 Қыр, 16

Ақсақ құлан аңызы

Жошы Шыңғыс ханның үлкен және сүйіті ұлы болған. Қыпшақ даласында аң аулауға шыққан Жошыға бір үйір құлан ұшырасады. Құландардың бірін аяғынан жаралаған хан баласы ақсақ құланның артынан шаба жөнеледі. Осылай өз адамдарынан алыстап кетеді. Қашқан құлан үйірініе келіп қосылады. Аты болдырған Жошыны құландар теуіп мерт қылады. Қаралы хабарды ханға жеткізуге ешкімнің дәті бармайды. Қаралы хабар жеткізген адамды ауыр жазаға кесілетін еді. Шыңғыс хан ұлының өлгенін хабарлаған адамның көмейіне қорғасын құюға уәде береді.

Абдыраған хан нөкерлері қиындықтан шығар жол тапты. Олар Шыңғыс ханның алдына Кет-Бұға есімді домбырашыны алып келеді. Домбырасын қолға алған Кет-Бұға күй арқылы қайғылы хабарды естіртеді. Ашуланған хан уәдесін еске алып, домбыраны жазалауды бұйырады. Нөкерлер домбыраның шанағына қорғасын құяды. Домбыраның шанағының тесігі содан қалған деседі.

Қазір оқып жатыр