Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Сушиді қалай әзірлейді?

Жанар
Жауап қалдырылды 03 Қаз, 16

"Филадельфия" роллы

Қажетті заттар:

  • күріш - 100 г
  • жұмсақ ірімшік - 50 г
  • арқан балық - 300 г
  • нори - 1 дана
  • күнжіт - 10 г
  • васаби - 10 г
  • соя соусы - 50 мл

Дайындалуы:

  • Маки-су кілемшесіне нори балдырыны жартысын қоямыз. Оған роллға қажетті мөлшерде күріш саламыз.
  • Күрішті норидің ортасына қоямыз. Енді күрішті ақырындап жаямыз. Балдыр шетінен 1 см шығып тұруы қажет. Ал екінші шетіне 1 см-ге жеткізбейміз.
  • Енді балдырымызды керісінше жағына аударамыз. Ортасына ірімшікті қоямыз.
  • Нориді мұқият ораймыз. Кілемшенің көмегімен сушиге дұрыс пішін береміз. Роллды тақтаға қоямыз.
  • Арқан балықты 3-те 8 см көлемінде тураймыз. Бізге 5-6 бөлігі керек.
  • Роллды толық жауып тұратындай етіп балық қоямыз.
  • Кілемшенің көмегімен балықты күрішке жабысатындай нығыздаймыз.
  • Дайын болған роллымызды суланған өткір пышақпен 8 бөлікке бөлеміз.

Астарыңыз дәмді болсын!

Қазір оқып жатыр