Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Айша бибі туралы аңызды білесіздер ме?

Ғалымбек
Жауап қалдырылды 03 Қаз, 16

Бұрынғы уақытта Қарахан деген батыр өмір сүріпті. Күндердің күнінде ол өзінің қас дұшпанының қызы Айша-бибіге ғашық болып қалады. Қыз әкесінің батасынан үміттенбеген батыр бір күні ауылға басып кіріп, қызды алып қашады. Қыздың әкесі екеуін де өлтіруге бұйырады. Ғашықтар қуғыннан ұзақ уақыт қашады. Ат үстінде бірнеше күн өткізген олар жолда аялдайды. Осы уақытта Айша-бибі шаршағанын басу үшін Асу өзеніне түсуге ұйғарады. Осы уақытта қуғыншылар да келіп жеткен еді. Қыздың суға түсуге кеткенін білген олар Айша-бибінің сәукелесіне жылан салып қояды. Суға шомылып, сергіген Айша-бибі жағаға шығып, киіне бастайды. Басына сәукелесін киген сәтте, жылан шағып алады. Айша-бибі есінен танады. Қыздың өлермен халде жатқанын көрген Қарахан оны көтеріп алып, неке қидыру үшін жақындағы ауылға молда іздеп барады. Отбасылық бақыты бірнеше минутқа ғана созылып, қыз батыр қолында о дүниеге аттанады. Сол сәтте Қараған Айша-бибіні өмір бойы сүйіп өтуге уәде береді. Біраз уақыттардан кейін Айша-бибі дүние салған жерде мазар тұрғызылады. Өлгеннен кейін сүйіктісінің жанында болу үшін, мазардың жанына Қарахан өзіне де арнап мазар салдырады. Өмірінің соңғы күніне дейін ақ киім киген ол Айша-бибі мазарының маңында Құдайға сыйынып өмір сүреді. 

Қазір оқып жатыр