Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Шілдеханаға арналған тілектер бар ма?

Индира
Жауап қалдырылды 03 Қаз, 16

Шілдеханаға арналған тілектер

Бала – адамның бауыр еті. Бірін-бірі жақсы көретін екі адамның жаны мен тәнінен жаралған бала ерекше ыстық. Отбасы мүшелерінің тату-тәтті өмір сүріп, бір-біріне мейіріммен қарауына негіз жасайтын алғы шарттардың бірі – олардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі болса, екінші шарт – перзент. Сондықтан атамыз қазақ "балалы үй
– базар" деп орынды айтқан. Адамның бір қызығы – баланы мейірлене иіскеу үлкен бақыт болса, сол бақытқа міне, бүгін сендер де жетіп отырсыңдар.

Сол себепті мен сендерге тойларың тойға ұлассын, өмірдегі көретін қызықтарың көбейе берсін демекпін. 

***

***

Берік болсын бауың
Арманың асқар тауың.
Несібесін ап келсін
Нұр бола жауған жауын.

Алданышым, ақ ботам,
Бесігіңе жат, ботам.
Шілдехана шаттығы,
Басыңа берсін бақ, ботам.

Арлан
Жауап қалдырылды 03 Қаз, 16

Шілдеханаға арналған тілектер

Құтты болсын бесігің

Артық болып   несібің.

Дастарханың жайылып,

Ашық болып  есігің,

Өре берсін балалар.

Дұшпандарың болмасын,

Күншілдікпен табалар.

Алпамыстай тағы да,

Ұл артынан ұл тапқын.

Жарқыраған Шолпандай,

Қыз артынан қыз тапқын.

Құтты болсын бүгінгі,

Шілдехана тойларың.

Тілектерін қабыл боп,

Орындалсын ойларың.

Сағынтай
Жауап қалдырылды 03 Қаз, 16

Шілдеханаға арналған тілектер

Бүгінгі шаттықтарыңыз құтты болсын! Дүниеге келген сәбилеріңіздің өмірі сәнді де мәнді болсын! Сіздер күн мен ай болсаңыздар, ұрпағыңыз артыңыздан жұлдыз болып ере берсін! Адам ғұмыры баламен қызық, баламен мағыналы. Еңбегіңіз бен үмітіңізді ақтар салиқалы ұрпақ блып, бал тілімен, қылықтарымен қуантсын! 

***

Айдары  күн сүйіп, күнге күйсін маңдайы! 
Жотасына май сіңіп, құрғамасын таңдайы! 
Ері болсын елінің, ар-намысын сақтайтын! 
Гүлі болсын жерінің, шаң-тозаңға батпайтын! 
Алды болсын теңінің, именбестен аттайын! 

***

Құтты болсын несібің, артық болсын несібің! 
Дастарханың жайылып, ашық болсын есігің! 
Құтты болсын бүгінгі шілдехана тойларың, 
Тілектерің қабыл боп, орындалсын ойларың! 

***

Ұлы ғұламалар "әрбір адам дүниеге келгеңде аспаңда жаңа бір жүлдыз жанады" деп айтқан екен. Міне, дәл қазір түнгі аспанға нұрын шашып тұратын жұлдыздардың саны біреуге көбейді. Жарық дүние есігін жаңа ашқан мынау періштеміз де сол жұддыздай жарқырап ортамызға қуаныш алып келді. Өмірге келген сәбиімізге Алла тағалам мықты денсаулық, бақыт, ұзақ өмір берсін. Аман-есен ер жетіп, елінің айтулы азаматы болсын!
 

Қазір оқып жатыр