Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Студенттік өмір тақырыбында шығарма бар ма?

Айдана
Жауап қалдырылды 04 Қаз, 16

Өз басым студент атанып, университетке барғанымда, Алматы қаласында тұратын едім. Университетке барар жолда мектебім орналасқан. Күнде таңертеңгісін автобуспен сол маңнан өтіп бара жатып, алтын ұям орын тепкен даңғылға жете бергенде жүрегім лүп етіп, екі көзім телміріп, мектебіме қарап өтуші едім. Ондағы ұстаздарды, оқушыларды көре қалу - мен үшін үлкен бақыт еді. Екі көзім жасқа толып, оқуға жеткенше жылап баратын едім. Қалада өскендіктен, тобымдағы ауыл қыздарын жақтыра қоймадым. Жыл басынан табысқан жалғыз құрбым ғана бар. Әр күнім сол құрбыммен шүйіркелесумен, сыр тарқатумен, ой бөлісумен өтетін. Артынша бірінші жартыжылдық өтіп, қаңтар айында оқуға келгенде басымыздан әлдебір қызық күн өткен еді. қызық деймін-ау. Ол күні есіміз кетіп жылап, бір-бірімізге өкпе артып едік. Бүгінде қарап отырсам, ол да бір өткенімдегі тарих, ол да бір қызық екен. Сол оқиғадан соң топтағы қыздардың бәрімен тіл табысып кеттім. Бұрынырақта маған жақындауға, тіл қатуға қорқатын "группаластарым" емен-жарқын араласып, бір үйдің қыздарындай тату болып кеттік. Сонда ғана адамның ауыл-қала болып бөлінбейтінін түсіндім. Сонда ғана қықздардың бойындағы ұяңдық пен әлсіздікті, нәзіктікті түсінгендей едім.

Қазір оқып жатыр