Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Атастырылған жігіт пен қыздың үйленуі міндетті ме?

Талқылау
Пікір
Гүлсезім
04 Қазан, 16

Таныстығы, білістігі, жолдастығы бар кісілер бір-бірінің ұл-қызын үйлендіруге күні бұрын келісіп, уағдаласуын қазақта «атастыру» деп атайды. Мұндай келісім ұл мен қыздың жас шағында, тіпті бесіктегі кезінде жасала берген. Екі жастың берік отбасын құруын мақсат етуден туындаған салт. Оның күнәсі жоқ. Бірақ, бұл атастырылған қыз бен жігіт міндетті түрде үйленсін деген сөз емес. Шариғатта екі жастың ризалығы мен келісімі – некедегі басты шарт. Сондықтан да, атастырылған екі жас үйленетін шаққа жеткенде өз қалауынша шешім қабылдайды: қаласа үйленеді, қаламаса үйленбейді. 

Абдусамат Қасым

Үйлену тойы категориясындағы басқа сұрақтар
0
Мне очень очень нравится
3 жылы бұрын пайда болды

Ажырасамын деген жастарға, әсіресе ажыратқысы келген адамға айыппұл салынса екен

Сәлеметсіздер ме менің айтқым келетін проблема еркектердің жауапсыздығы және сәбилердің құқығы жайлы.  Еркекетер үйленіп,  бала тапқызып,  қаласа тастап кете салуы әділетсіздік деп ойлаймын. Неге осы ажырасамын деген еркектерге или әйелдерге үлкен мөлшерде айыппұл салынбайды, сонда олар айыппұлдан қашып отбасын сақтап қалар ма еді. Ортада балада тірі жетім болып қалмас па еді. Ажырасу азайып, әке шешесіде жастардың өміріне қол сұға беруін тоқтатар ма еді. Жазықсыз сәбилер әкесіз өспейтін еді. Неге әйел адамдар ғана қиналуы керек,  ажырасқанда еркектерге неліктен жауапкершілік артылмайды. 

1
Аслан
7 жыл бұрын пайда болды

Беташар жырын білесіздер ме?

1
Ұлан
7 жыл бұрын пайда болды

Асаба тойды неден бастауы қажет?

1