Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Абыл Тілеуұлы және оның шығармашылығы жайлы не білесіздер?

Азамат
Жауап қалдырылды 05 Қаз, 16

Абыл ақынның өмірі жайлы бүгінге жеткен дерек аз. Десе де ақынның өміршең толғауларының арқасында есімі өшпей, кейінгі ұрпақтарға жетті. Абыл Тілеуұлы 1777 жылы Маңғыстауда дүниеге келген. Өз кезінде бүкіл Атырау аумағына шешендігімен танымал болған. Ақынның бұл қасиеті күллі қазақ даласындағы ауыз әдебиеті дәстүрінің көрінісі іспетті. Ақын толғауларының өзегі - адамгершілік, елдік, ерлік. Аталғандарды “Сексеннің біз де келдік жетеуіне”, “Отырған қарсы алдымда Қанымайым”, “Қар жауар күн-түн оның қабағынан” толғауларында дәріптеген. Ал  “Арғымақ атта сын болмас”, “Естірту”, “Кәрілік” т. б. толғаулары мен термелерінде жастарға өсиет, нақыл айтып, адамдыққа үндейді. Сонымен қатар ақынның хандар мен сұлтандарды сынап-мінеген өлеңдері бар. 

Адамдықты, ізгілікті ту еткен дана ақын 1864 жылы Маңғыстаудағы Қаратөбе жерінде дүние салған. 

Қазір оқып жатыр