Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Микротолқынды пештің зияны бар ма?

Нұрдос
Жауап қалдырылды 06 Қаз, 16

Сәулелендіру

Микротолқынды сәулелер - бұл радиоактивті сәулелер емес. Адам өмірі үшін қауіпті сәулелер микротолқынды пештегіге қарағанда анағұрлым жоғары жиілікке ие. Пештер есігі жабық болғанда толқындар камераның сыртына тарай алмайтындай етіп жасалады. Есік әйнегі міндетті түрде арасы жиі метталдан жасалған тормен қалқаланады. Пештің металл камерасы алдыңғы жағынан есікпен жабылады. Ол есіктің ішінде ұсақ тесіктері бар металл қалқан бар. Тесіктерінің көлемі толқын жұмысының ұзындығы дициметрлік диапазонда болатын микротолқындардың сыртқа тарауына мүмкіндік бермейді.Микротолқындар металлдан өте алмайды. Металл заттардан сәуле түсіретін қасиетке ие. Дәл осы себепті пештің есігі жабық болған кезде микротолқындар камераның ішкі аумағынан шыға алмайды.

Гүлім
Жауап қалдырылды 06 Қаз, 16

Тағам сапасына әсері

Тағамның өзінде ешқандай өзгеріс орын алмайды. Себебі аса жоғары жиіліктегі сәулелер тек тағамның қызуына ғана әсер етеді. Сондықтан микротолқынды пеште дайындалған тағам зиянды емес. Егер нормадан тыс қыздырып жіберсеңіз ғана тағамдық өнім бұзылуы мүмкін. Газ плитасында тағам дайындаған кезде де тағам күйіп кетуі мүмкін. Десе де микротолқынды пештегі қыздыру тек тағамның бетіне ғана емес, жалпы көлеміне әсер етеді. Себебі микротолқындар тағамға 2,5 сантиметр тереңдікте ғана енеді. Микротолқынды пеште аса жоғары жиіліктегі сәулелер арнайы генератор магнетронның көмегімен пайда болады. 

Қазір оқып жатыр