Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Маңғыстау туралы тақпақтар бар ма?

Балнұр
Жауап қалдырылды 10 Қаз, 16

Маңғыстау - көкірегі жұмбақ әлем,

Сырласқан кезіңді айтып мұнарамен!

Шұбырып езуінен жұлдыз ағып,

Кірпігін таң алдында жұмады әрең.

Арай
Жауап қалдырылды 10 Қаз, 16

Не замандар өтсе-дағы бұлағай,

Көк түріктің туы қалды құламай.

Маңғыстауым –тұнып тұрған тарихым,

Ашық аспан астындағы мұражай.

Алдаберген
Жауап қалдырылды 10 Қаз, 16

Маңғыстау

Маңғыстауым – маңғаз далам, паң далам,
Келбетіңе қараймын да таңғалам.
Кеудесіне сыйғызып мол байлықты,
Бүгінгі күн асып жатыр арнадан.

Қасиетті әулиелер мекені,
Құмы, тасы тарихтан сыр шертеді.
Сен туралы жырлап кетсе аталар,
Әңгімесі неше таңға жетеді.

Алдыңда мен борыштымын, білемін,
«Елім» деп соғар сәби жүрегім.
Мәртебесі биік болсын жерімнің,
Осы менің ізгі, адал тілегім.

Қазір оқып жатыр