Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Макаронды қалай әзірлейді? Рецепті бар ма?

Талқылау
Пікір
Айдана
10 Қазан, 16

Дайындалуы:

  • Пастаны қайнату үшін плитаға су қоямыз. Қыздырылған майға туралған порей пиязын жұмсарғанша қуырамыз.
  • Пиязымызға ұсақтап туралған тауық төсін қосамыз. Қатты отта қуырамыз.
  • Оған ұсақтап туралған саңырауқұлақ пен соя соусын қосамыз. Араластырамыз. 5-7 минут бұқтырамыз. Пешті 180-200 градусқа қыздырамыз.
  • Ыдысқа сүт құйып, балқытылған ірімшік пен үккіштен өткізілген ірімшік қосамыз. Ірімшік ерігенше қыздырамыз. Қоспаны қайнатуға болмайды.
  • Қайнаған суда пастаны жартылай дайын болғанша пісіріп аламыз. Сүзгіге саламыз. Артынан пастаны саңырауқұлақ салмасымен араластырамыз. Пісіруге арналған қалыпқа саламыз. Ірімшікті жылы соус құямыз.
  • Қалған үгітілген ірімшікті бетіне себеміз. Пешке қойып, 15-20 минут пісіреміз.

Астарыңыз дәмді болсын!

Айдана
10 Қазан, 16

Ірімшік қосылған макарон

Қажетті заттар:

  • паста - 200 г
  • саңырауқұлақ (қозықұйрық) - 100 г
  • тауық төсі - 1 дана
  • порей пиязы - 50 г
  • сүт - 250 мл
  • балқытылған ірімшік - 200 г
  • ірімшік - 150 г
  • соя соусы - 2 ас қасық
  • өсімдік майы

Тағам рецептері категориясындағы басқа сұрақтар
1
Айкөркем
5 жыл бұрын пайда болды

Бризольдің рецепті бар ма?

Браизольдің рецепті қазақша
2
Толқын
7 жыл бұрын пайда болды

Штрудель рецепті бар ма?

1
Жұлдыз
7 жыл бұрын пайда болды

Қысқа әзірлеген салаттар қатып қалса не істеу керек?

3
Майра
7 жыл бұрын пайда болды

Жаңа жылдық салаттар рецепті бар ма?

2
Майгүл
7 жыл бұрын пайда болды

"Цезарь" салатын қалай жасайды?