Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Викторинаға арналған қызықты сұрақтар бар ма?

Маржан
Жауап қалдырылды 10 Қаз, 16

Викторинаға арналған сұрақтар:

  1. Жердің ең биік бөлігі қайсысы? (Азия)
  2. Жер құрылысы бойынша қандай табиғи затқа ұқсайды? (Жұмыртқа)
  3. Ихтиолог деген кім? (Теңізде өмір сүретін жаратылыстарды зерттейтін маман)
  4. Қолшатыр екі рет ойлап табылған. Бірі Қытайда, екіншісі Англияда. Ағылшындық қолшатырдың қытайлықтан қандай айырмашылығы бар? (Ағылшындық жаңбырдан, қытайлық қолшатыр күннен қорғану үшін)
  5. Әлемдегі ең биік тау шыңы? (Эверест, Джомолунгма)
  6. Грек аңызында 12 ерлік жасаған батыр кім? (Геракл)
  7. Даналықтың белгісі болып табылатын құс? (Үкі)
  8. Микроскоп, фотоаппараттың астына қоятын зат? (Штатив)
  9. Иттердің жабайы арғы тегі (Қасқыр)
  10. Африкадағы шөл дала (Сахара)
  11. Қандай теңізге батып кете алмайсың? (Өлі теңіз. Тұздылығы себепті судың тығыздығы өте жоғары)
  12. Кирді жеңген Сақ патшайымы (Тұмар)
Қазір оқып жатыр