Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Қарақұмықтың қандай пайдасы бар?

Мәулен
Жауап қалдырылды 10 Қаз, 16

Қарақұмықтың пайдасы

Қарақұмық калийге бай. Сондықтан оны тұтыну жүрек-қан тамырларр ауруларынан зардап шегетін адамдар үшін пайдалы. Тұрақты түрде жеу артериялық қысымды қалпына келтіуге, бас айналуынан арылуға. тамыр қабырғаларын тромтардың түзілуінен қорғауға көмектеседі. 

Қарақұмықтың ерекше құрамы бұл дақылды дәрумендердің бағалы көзі ретінде тануымызға сеп болады. Қарақұмық құрамында: 

  • В тобы дәрумендері. Оларды сұлулық дәрумендері деп атайды.
  • никотин қышқылы - РР. Тіндердің қалпына келуіне, дамуына әсер етеді. Холестерин деңгейін төмендетіп, қантты қуатқа айналдырады.
  • К дәрумені. Жасқа байланысты аурулар дамуының алдын алады. Оған қоса қан ұюын жақсартып, тері жасушаларының қалпына келуін қадағалайды.
  • Е дәрумені. Антиоксидант. Қан тамырларды тромбтар түзілуінен қорғайды, бет терісін жақсартады. 

Қазір оқып жатыр