Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Әлемдегі ең ірі табиғи апаттарды білесіздер ме?

Талқылау
Пікір
Аружан
27 Қазан, 16

Әлемдегі ең ірі табиғи апаттар:

- Қытайлық Сычуань қаласындағы жер сілкінісі.

2008 жылдың 12 мамырында Қытайдың Сычуань қаласында ірі табиғи апат болды. 8 баллдық жер сілкінісі салдарынан Сычуаньда 69 мың адам көз жұмып, 18 мың адам із-түзсіз жоғалып, 288 мың адам жарақаттанды. 

- Тынық мұхиттағы цунами.

2004 жылдың 26 желтоқсанына дейін адамзат баласы цунами жайлы тек кітаптардан оқып білген еді. Алайда дәл осы күн көптеген адамның есінде қалды. Бәрі де Суматра аралының солтүстік жағында болған 9,1-9,3 баллдық жер сілкінісінен басталған еді. Оның нәтижесінде биіктігі 15 метрге жететін цунами орын алды. Ол жер мұхиттың жан-жағына тарап, Жер бетінен бірнеше елді мекенді шайып кетті. Цунами салдарынан 300 мыңнан астам адам қаза тапты. Цунами 2004 жылы болса да, көптеген жерлерде әлі күнге дейін инфрақұрылым қалпына келмеген. 

Ербол
27 Қазан, 16

Әлемдегі ең ірі табиғи апаттар:

- Кальбуко жанартауының атылуы. Чили.

Чилидегі Кальбуко тауы белсенді жанартау болып табылады. Олайда оның соңғы рет атылуы қырық жылдан астам уақыт бұрын 1972 жылы орын алған еді. Жарылыс 1 сағатқа ғана созылды. Бірақ 2015 жылдың 22 сәуірінде бәрі де нашар сипат алды. Кальбуко құдды түгелдей жарылғандай болды. Жанартау күлі бірнеше километр биіктікке атқылаған.

- Гаитидегі жер сілкінісі. 

2010 жылдың 12 қаңтарында Гаитиде бұрын соңды болмаған ауқымды апат орын алды. Бірнеше жерасты дүмпуі болып, олардың негізгісы 7 баллдық магнитудаға ие еді. Нәтижесінде бүкіл мемлекет қирады. Тіпті президент сарайы да қирап қалды. Ресми деректер бойынша, жер сілкінісі уақытында және кейін 222 мың адам қааз тауып, 311 мың адам жарақаттанды.

Қоғам және саясат категориясындағы басқа сұрақтар
1
Нұрбек
1 жыл бұрын пайда болды

БҰҰ қай жылы құрылды?

1
Admin
1 жыл бұрын пайда болды

Дефолт дегеніміз не?

1
Admin
1 жыл бұрын пайда болды

Социофобия дегеніміз не?

1
Admin
1 жыл бұрын пайда болды

Референдум дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Периферия деген не?