Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Кітапхана туралы шығарма бар ма?

Дәурен
Жауап қалдырылды 17 Қаз, 16

Кітапхана

Кітап - білім бұлағы. Ал талайды білім нәрімен сусындатар кітаптар біздің кітапханамызда толы. 

Мектебімнің кітапханасында небір түрлі кітаптар бар. Оларға қызығатыным сонша, оқып тауыспасымды білсем де, барлығын алып оқи бергім келеді. Оқыған кітаптарымның ішінен Бердібек Соқпақбаевтың кітаптарын сүйіп оқыдым. Оның "Менің атым -Қожа" туындысы естен кетпес балалық шақты суреттейді. Қожаның басынан өткен түрлі оқиғалар күлкіңді де келтіреді. Бірақ олардан алар тәлім-тәрбие көп. Және жазушының "Балалаық шаққа саяхатын" да оқып шықтым. Оқып отырып күлдім де,жыладым да. Жазушының өміріндегі қиындықтар, соғыс жылдарындағы азапты күй, мұның бәрі жүрегіңді сыздатып, көңіліңді құлазытады. Балалық бал дәуренді, бала күйді сондай шебер суреттеген жазушының дарынына тәнті болдым.

Қазір оқып жатыр