Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Жұмыртқаның қандай пайдасы бар?

Күнсұлу
Жауап қалдырылды 17 Қаз, 16

Жұмыртқаның құрамынан көптеген пайдалы заттар табуға болады. Ең алдымен, ол - А, В, Е, Д дәрумендері. Сонымен қатар сирек кездесетін К және РР дәрумендері бар. Өнімде темір, цинк, марганец, калий, селен, кальция сынды минералдар бар. Сонымен қатар жұмыртқада таза күйінде көп мөлшерде ақуыз, тағамды толықтыратын протеиндер мен аминқышқылдар кездеседі. "Пісірілген жұмыртқадағы ақуыз мөлшері қандай?" деген сұраққа мамандар мынандай сандарды көрсетеді - 4-5 г немесе массаның 12-13 пайызы. Бұл айтралықтай көп емес. Бірақ ақуыз организмге толығымен сіңеді. 

Тауық жұмыртқасының пайдалы қасиетіне келер болсақ, ол ми қызметін жақсартады. Оған қоса бос радикалдардың жасушаларды зақымдайтын әсерін төмендетеді. Жұмыртқа - құнарлы. Ол тойымды және көп қуат береді. Организмнің жұмыс істеу қабілетін арттырып, иммунитетті нығайтады. 

Қазір оқып жатыр