Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Шайтан қандай жерлерде жүреді?

Думан
Жауап қалдырылды 18 Қаз, 16

Біріншіден, Ібілістің жындар қауымынан екенін еске салған жөн.

Ардақты Пайғамбарымыздың(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Шайтан адамдардың тамырында» дейді. (Тирмизи, Рада 17, 1172).

Демек, шайтандар біздің белгілі бір ішкі сезімімізден хабардар. Ол біздің ойымызды, эмоциямызды, уайымдаулар мен ақпаратты қабылдауымызда өзінің тұзағын құрып, арбайды. Ол үшін тілді я мағынасын түсінбеу деген қиындық жоқ.  Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  басқа бір хадисінде әрбір адамның жеке жыны болатыны айтылған. Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Менің де жыным болған, алайда ол амалдың жоғынан маған бағынды» дейді. (Тирмизи, Рада 17; Муснад III. 309).

Адамға да, жалпы бүкіл жаратылысқа да билік етуші тек Ұлы Алла Тағала ғана және тек оның қалауымен әлем жаратылған, тек оның құдіретімен тіршілік етеді.

 

Қазір оқып жатыр