Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Құйрық-бауыр асату өлеңінің сөзі бар ма?

Еркін
Жауап қалдырылды 18 Қаз, 16

Махаббаттың күшiмен отау құрды жастарым,
Екi елдi құда қып бiрiктiрдi бастарын.
Екi жастың бақытына жақсы сөздер сөйлейiк,
Төрде отырған құдалар ортаға кел билейiк.

Ойна, ойна, құдалар,
Жастық шақты еске алып.
Биле, биле, құдалар,
Жүрмеңiздер кеш қалып.

Отыр мiне құдалар, құдағилар жиналып,
Кел ортаға билейiк, неге отырсыз қиналып?
Екi жастың бақытына жақсы сөздер сөйлейiк,
Төрде отырған құдалар ортаға кел билейiк.

Құда құда дегiзген, құйрық, бауыр жегiзген,
Екi жастың арқасы бiздi тойға келгiзген.
Екi жастың бақытына жақсы сөздер сөйлейiк,
Төрде отырған құдалар ортаға кел билейiк.

Қазір оқып жатыр