Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Торпақ жұлдыз белгісінің мінездемесі бар ма?

Талқылау
Пікір
Дана
19 Қазан, 16

Торпақ. Қырсық, сезімтал, адал, жұмсақ, қауіпсіздікті сүйгіштік – Торпақты сипаттайтын кілт сөздер. Олар үшін шынайылықтың маңызы зор. Жылылық пен айналасындағыларға шынайы ықылас Торпақтарды қарсы жыныс үшін танымал етпек. Олар сенім артуға тұрады. Торпақтар – кез-келген қатынаста сенуге болатын жандар. Олардың сөзіне күмән келтірудің қажеті де жоқ. Олар айтқанын міндетті түрде орындайды.Торпақтар – ақиқатқа қол жеткізуді мақсат тұтатын терең ойшылдар. Олар әдебиетті ұнатады, сондықтан олармен сөйлескенде зерікпейсіз. Сонымен қатар торпақтар сендіре алатын қасиетке ие, адамдар олармен тез тіл табысады. Олар тойда есте қаларлықтай тілек айта біледі, ал үйлену тойында оларға тең келер жан жоқ. Торпақтардың әр айтқан сөзі тыңдармандардың жадында ұзаққа қалады. Олардың адамдарды еліктіріп әкететіні де бекерден емес, себебі білімге деген махаббат Торпақтардың қанында бар.

Оларды барлық нәрсе қызықтырады. Шындығында Торпақтарды ақылды дегеннен бұрын, қажырлы деуге болады. Ол кез-келген қоғамда басымдылық таныта алады. Сырт көзге Торпақтар көмекке мұқтаж көрінеді. Бірақ әлсіздіктің астарында нағыз күш-қайрат бұғып жатыр. 

Жұлдызнама және жорамал категориясындағы басқа сұрақтар
2
Құралай
7 жыл бұрын пайда болды

Балықтар жұлдыз белгісінің жалпы сипаттамасы бар ма?

1
Қалкен
7 жыл бұрын пайда болды

2017 жыл қандай жануар жылы?

1
Нұрдос
7 жыл бұрын пайда болды

Балықтар жұлдыз белгісінің мінездемесі бар ма?

1
Назира
7 жыл бұрын пайда болды

Суқұйғыш жұлдыз белгісінің мінездемесі бар ма?

1
Ұлмекен
7 жыл бұрын пайда болды

Тауешкі жұлдыз белгісінің мінездемесі бар ма?