Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Тауешкі жұлдыз белгісінің мінездемесі бар ма?

Сандуғаш
Жауап қалдырылды 19 Қаз, 16

Тауешкі. Ұстамды, алдын болжай білетін, намыссүйгіш, ақылды және тәртіпке бағынатын адамдар – Тауешкі белгісінде туылған жандар. Тауешкі –ерлік мен табандылықтың белгісі сияқты. Батылдық, ой тереңдігі және жұмыс істеу қабылеті Тауешкілерге кез-келген қиындықты жеңуге мүмкіндік береді. Олар қашанда алдында кездескен кедергілерді еңсеріп, көздеген мқасатына жете алады. Әдетте жас кезінде оларға тәртіп пен шектеулерге бағыну қиынға соғады. Олар – өмірінің гүлденуіне лайықты, себебі ол үшін керекті барлық қасиетке ие. Олардың бойында күш-жігер, қайрат, еркіндік, ақылмен әрекет еті, шынайылық пен сабырлылық сынды ізгі қасиеттер табылады. Тауешкілер өмірге тура көзбен қарай алады және өмірде табысқа жетуге көмектесетін көптеген дарынға ие.

Тамаша дос, тұрақты әрі адал Тауешкілер қызметінде биіктерге қол жеткізеді. Бірақ басшы лауазымындағы Тауешкілер жұмсақ, мейірімді бола бермейді. Басшы Тауешкімен тіл табысу оңай емес. Олар әлдененің атқарылуын талап етсе, ол кеше жасалуы тиіс. Ал нәтижесі келер аптада ғана керек болмақ. 

Қазір оқып жатыр