Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Балықтар жұлдыз белгісінің мінездемесі бар ма?

Талқылау
Пікір
Айзере
19 Қазан, 16

Балықтар. Сезімтал, көңіл-күйге берілгіш, қиял әлемі бай, көңілшек әрі құбылмалы – бұл Баллықтарға тән қасиеттер. Балықтар – ең тамаша жұлдыз белгісі. Олар мүлдем менмен емес, өте жомарт және ақша ұстауды білмейді. Олар сүйген адамына жақсы жар бола алады. Себебі өте адал және беріле сүйеді. Мұндай жандарға қуанышта да, қайғыда да арқа сүйеуге болады. Табиғаты бойынша балықтардың ойы шашыраңқы. Оларға әлденеге зейін салу қиын. Кертартпа жқмыстар оларды тез жалықтырады. Олар ұшқыр ойымен, тапқырлығымен ерекшеленеді. Өз кезегінде бұл қасиеттер өмірінде көп көмектеседі.  

Балықтардың мінезін тек жақын адамдары ғана түсіне алады. Көптеген адам үшін Балықтар жұмбақ болып қала береді. Дәл осы себепті олар – қарсы жыныс үшін өте тартымды. Балықтардың көңіл-күйі дыбыс жылдамдығына сай жылдам өзгергенімен, олар сирек ашуланады. Олардың кеудесінде дүрсілдеген жүрегі алтын. Мұндай жандар айналасына адамдарды үйіріп жүреді. Десе де оларға қызығатындар, көре алмайтындар көп.

Аса сезімтал балықтар өзгелердің сезімін жақсы түсіне біледі және пікірлерін тыңдай алады. Алғаш кездескенде ұяң болып көрінгенімен, шындығында Балықтар – тіл табысқыш және шешендік қабілетке ие жандар. 

Жұлдызнама және жорамал категориясындағы басқа сұрақтар
2
Құралай
7 жыл бұрын пайда болды

Балықтар жұлдыз белгісінің жалпы сипаттамасы бар ма?

1
Қалкен
7 жыл бұрын пайда болды

2017 жыл қандай жануар жылы?

1
Назира
7 жыл бұрын пайда болды

Суқұйғыш жұлдыз белгісінің мінездемесі бар ма?

1
Ұлмекен
7 жыл бұрын пайда болды

Тауешкі жұлдыз белгісінің мінездемесі бар ма?

1
Ермек
7 жыл бұрын пайда болды

Мерген жұлдыз белгісінің мінездемесі бар ма?