Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Браузер деген не? Браузердің қандай түрлері бар?

Қаламқас
Жауап қалдырылды 27 Қаз, 16

Браузер түрлері:

  • Explorer. Бұл "Майкрософт" бағдарламаларының тізіміне кіретін стандартты ғаламтор-шолғыш. Талаптары көп, қызмет түрлері аз. Қауіпсіздік тұрғысынан да ақсайды. Ал жұмыс жылдамдығы көпшіліктің көңілінен шықпайды. 
  • Yandex. Соңғы уақыттарды браузерлердің ғаламтор қолданушылары арасында кең етек алып келеді. Ол кей тұстарымен "Хромға" ұқсайды. Бірақ "Гугл" ұсынған интерфейс - қарапайым әрі ыңғайлы. Бірақ жылдамдығы, қауіпсіздігі мен талаптарын салыстырғанда, айырмашылық жоқ. 
Қаламқас
Жауап қалдырылды 27 Қаз, 16

Браузерді ғаламторға жол ашатын терезе деуге болады. Яғни желіге кіруге және түрлі веб-парақшаларға кіруге мүмкіндік беретін қосымша. Кейде оны ғаламтор-шолғыш деп те атайды. Браузердің бірнеше түрі бар. Және әр түрінің де мүмкіндігі әртүрлі. 

Әдетте стандартты қызметтер арасынан веб-парақашалар мен түрлі ғаламтор ресурстарын көру мүмкіндігін айрқыша атап жатады. Демек кез-келген браузер ғаламтор парақтарын парақтауға мүмкіндік береді. 

Браузер түрлері:

  • Google Chrome. Бұл кең таралған әрі танымал браузер. Ол 2008 жылы пайда болған. Бірақ бүгінгі күннің өзінде көпшіліктің жүрегін жаулап үлгерген.
  • Mozilla Firefox. Десе де барузерлер арасында да бәсекелестік бар. Екінші орында Mozilla Firefox еншілейді. Бірақ бұл браузердің талаптары көп. Ол жүйенің көп бөлігін алады. Бірақ әлі күнге дейін сұранысқа ие. 
  • Опера. Әң танымал браузерлер арасында Опера да бар. Ол ескі болғанымен, кең таралған браузер. Оның негізгі артықшылығы - софт қызметтері. Ол жоғары деңгейге дейін кеңейтілген. 
Қазір оқып жатыр