БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Корей дәстүрлерін білесіздер ме?

Гүлзада
Жауап қалдырылды 24 Қаз, 16

Корей халқының дәстүрлері

  • Үйдегі үлкен адам тамақтанып отырғанда жатуға болмайды.
  • Үстел басына отырғанда, үлкен адамнан бұрын қасықты ұстауға болмайды. 
  • Үлкен адамға әлденені бергенде немесе алғанда қос қолдап беру не алу керек. 
  • Кореяда өхгелердіңа алдында сіңбіру үлкен мәдениетсіздік болып саналады.
  • Бірақ тамақты дыбыстап шайнау мәдениетсіздік емес. Осылайша үй иесіне тағамының дәмді болғанын білдіресіз.
  • Үстел басында таяқшаны тамаққа шаншуға болмайды. Бұл өлімді білдіретін белгі.
  • Егер біреумен сөйлесіп тұрсаңыз, қолыңыз көрініп тұруы тиіс. Қолыңызды артыңызда ұстау, қалтаға салу мәдениетсіздік есебінде. 
  • Әйелдері көбіне күлгенде бетін жабады. Оларға тісін көрсету мәдениетсіздік болып саналады. 
  • Кореяда болған уақытта иілуді үйреніңіз. Азияда онсыз өмір сүре алмайсың.
  • Аяғыңызды айқастырып, алдыңызға созып отыруға болмайды. Табан міндетті түрде жерге тиіп тұруы тиіс. Оны үстелге не орындыққа қоюға болмайды. 
Қазір оқып жатыр