Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Бағдаршам туралы тақпақтар бар ма?

Сая
Жауап қалдырылды 25 Қаз, 16

Бағдаршам 

Жолды кесіп өтуге мен қамдансам, 

Қиылыста қарсы алады бағдаршам. 

Менікіндей екеу емес, үш көзді, 

Әр көзінің түсі бөлек, аңғарсаң. 

Көзі алысты қалт жібермей қырағы, 

Бір көз жанса, қалғаны өшіп тұрады. 

Қызыл, сары, жасыл түсті көздердің 

Бас әрпінен үш түрлі ұғым шығады: 

Қ — Қызыл түс — қимылдама, баспа алға, 

Қиылыста қарап тұрма аспанға. 

С — Сары түс — сәл сабыр ет, дайындал, 

Ж — Жасыл түс, жүре бергін, жасқанба.

Қазір оқып жатыр