БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Физика нені зерттейді?

Айдын
Жауап қалдырылды 25 Қаз, 16

Физика - табиғаттың қарапайым және жалпы заңдылықтары, материя, оның құрылысы мен қозғалысы туралы ғылым саласы. Физика заңдары жаратылыстану негіздерінде жатыр. "Физика" термині алғаш рет Аристотель еңбегінің бірінде көрініс береді. Алғашқыда "физика" және "философия" терминдері синоним болған. Себебі екі пәннің де негізінде бүкіл әлем қызметінің заңдылықтарын түсіндіру жатқан еді. Алайда XVI ғасырдағы ғылым төңкерілісінің нәтижесінде физика жеке ғылым саласы ретінде қарастырылды. 

Қазір оқып жатыр