Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Аяқ терлеуінен қалай арылуға болады?

Әмина
Жауап қалдырылды 25 Қаз, 16
  • Аяқтың тершеңдігімен күресуге түрлі шөптердің тұнбалары мен қайнатпалары көмектеседі. Бұл ретте көбіне түймедақ, шатыраш, көк шай мен итмұрын пайдаланылады. Мұндай құралды дайындау үшін бірнеше қасық шөпке 1 л ыстық су құйып, тұндырып қою қажет. Мұндай қайнатпамен аяғыңызды күнделікті жуған жөн. Қайнатпамен аяқты булаудың да берер әсері мол. 
  • Жағымсыз иісті жойып қана қоймай, микробтарды өлтіретін әсері бар эфир майлары да айтарлықтай нәтиже береді. Ол үшін эвкалипт, жалбыз, сауырағаш, лаванда және т.б. майлар тиімді.
  • Шектен тыс тер бөлінген кездерде мынадай ерітіндіні қолдануға болады. Сірке су мен спиртті 1:1 қатынаста алып, ерітіндімен күнделікті кешкісін аяқты сүрті қажет.
  • Аяқтағы жағымсыз иістен арылу үшін ас содасының да көмегі бар. Оны жылы суда ерітіп, аяғты суда 15-20 минут ұстау керек.
  • Аяқтағы микробтарды жою үшін марганец ерітіндісінің де пайдасы зор. Ол үшін марганец ерітіндісін суда ерітіп алу қажет. Сол сумен аяқты жусаңыз, біраз уақыттан соң әсерін байқайсыз.
Қазір оқып жатыр