Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Кір жууға арналған ұнтақ немесе сұйық құралдар. Қайсысы жақсы жуады?

Нұргүл
Жауап қалдырылды 26 Қаз, 16

Егер отбасы мүшелерінің бірінде аллергия болса, кір жууға арналған сұйық құралды таблеткалардағы құралдарға ауыстырған жөн. Бірақ оларды кір жуудың бірінші кезеңінде міндетті түрде 30-40 градус аралығында, ал екінші кезеңінде 60 градуста жуу керек. Тіпті сау адамның өзінде аллергия болмас үшін, кез-келген құрал иіссіз және қандай да бір хош иістендіргішсіз болуы қажет. Бұлардың бәрі киіміңізде қалып қалатын тітіркендіргіштер. 

Кондиционерлер мен шаюға арналған құралдардың да пайдасы аз. Егер қатты матадан тігілген киімдерді жусаңыз ғана оларды қолдануыңызға болады. Сонымен қатар кондиционер тез шайыла қоймайды. Демек келесі рет кір жуғанша киіміңізде қалады. Соның салдарынан аллергия беруі мүмкін. 

Ал балалардың киімін жуу үшін қарапайым құралдар жарамсыз. Кір жууға арналған балалар құралдарын аларда "дерматологтар мақұлдаған" деген жазуының барына мән беріңіз. 

Айсәуле
Жауап қалдырылды 26 Қаз, 16

Кәдімгі кір жууға арналған ұнтақ пен сұйық құралдың қайсысын таңдарыңызды білмесеңіз, екіншісін таңдағаныңыз абзал. Ұнтаққа қарағанда, кір жуған кезде сұйық құралдар мен гельдер жақсы жуылады. Тіпті, қолмен жусаңыз да. Одан бөлек, кір жууға арналған мұндай құрал табиғи талшықтардан жасалған маталарда қалып қалмайды. Кіржі қаншалық ұзақ жусаңыз да, кір жуғыш ұнтақ толығымен жуылып кетпейді. 

Бірақ қолыңызға түскен кез-келген сұйық құралды сатып алуға асықпаңыз. Алдымен құрамымен мұқият танысып алғаныңыз абзал. 

Кір жууға арналған сапалы сұйық құралдың құрамында ферменттер болуы тиіс. Олар ақуыз дақтары, қан, тіпті көк шөптен қалған дақты да кетіреді. Ферменті бар сұйықтықты сатып алғанда, нұсқаулығымен танысыңыз. Олар 40 градустан төмен температаурада жақсы әсер етеді. Құрамында ферменті бар сұйықтық қарапайым құралдан қымбат тұрмайды. 

Қазір оқып жатыр