Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Финляндия білім беру жүйесі туралы не білесіздер?

Жанар
Жауап қалдырылды 07 Қар, 16

Міндетті  жалпы орта білім беру Финляндияда екі сатылы мектептен тұрады:

- төменгі, 1-сыныптан 6-сыныпқа дейін;

- жоғары, 7-сыныптан 9-сыныпқа дейін.

Қосымша 10-сыныпта оқушылар өз бағасын жақсарта алады. Мұнан кейін олар кәсіби колледждерге барады немесе лицейде 11-12 сыныптық оқуын жалғастырады. 

Мемлекеттегі ең ірі мектепте 960 оқушы оқиды. Ал ең кішкентайында - 11 оқушы. Ондаған жеке меншік мектептерден өзгелерінің бәрі мемлекеттік болып табылады. 

Финндер оқушыларды қабілеті мен таңдаған мамандығы бойынша сыныптарға бөлмейді. Сонымен қатар мұнда "жақсы" не "жаман" оқушы да жоқ. Оқушыларды бір-бірімен салыстыруға тыйым салынған. Дарынды балалар мен ақыл-есі дұрыс дамымаған балалар бір сыныпта оқиды. Себебі мұндай балаларды ерекше деп біледі. 

Финляндияда мектеп қызметкерлері мен мұғалімдерді ешкім тексермейді. Мемлекеттегі оқу бағдарамасы бірегей. Тек жалпы ұсыныстары ғана бар. Әр педагог өзі лайықты деп тапқан оқу әдісін қолданады. 

Оған қоса оқушыларға да таңдау еркі берілген. Мысалы, әдембиет сабағында оқуға қатысты фильм көрсетілсе және ол оқушыға ұнамаса, кітап оқып отыра алады. Оқушы өзіне ненің пайдалырақ екенін өзі таңдайды.

Қазір оқып жатыр