Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Алма тосабын қалай жасайды?

Маржан
Жауап қалдырылды 06 Қар, 16

Алма тосабы

Қажетті заттар:

  • тазаланған алма - 2 кг
  • қант - 2 кг
  • су - 500 мл

Дайындалуы:

  • Алманы жуып, тазалаймыз. Қайта суық сумен жуамыз. Кішігірім бөліктерге тураймыз. 
  • Шәрбатын жасаймыз. Қантқа су құйып, араластырамыз. 
  • Шәрбатты араластырып тұрып, ерігенше қайнатамыз. 
  • Шәрбатқа алманы салып, қатты отта қайнатамыз. Қайнап жатқан уақытта ара-тұра ыдысты шайқап тұру қажет. Дайын болғанша қайнатамыз.
  • Тосаптың дайын болғанын анықтау үшін, шәрбаттың бір тамшысын ыдысқа тамызамыз. Егер тамшы ағып кетпесе, тосаптың дайын болғаны.
  • Дайын болғаны тосапты зарарсыздандырылған құтыларға құйып, жабамыз. 

Астарыңыз дәмді болсын!

Қазір оқып жатыр