Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Сыбызғы деген не?

Айгерім
Жауап қалдырылды 08 Қар, 16

Сыбызғы - ағаштан жасалған үрмелі музыкалық аспап. Алғашында бұл аспап ағаштан жасалғандықтан ағаштан жасалған музыкалық аспаптар тобына жатады. Басқа музыкалық аспаптармен салыстырғанда сыбызғыда дыбыс екі түрлі жолмен шығады. Бірі аспаптан шықса, екінші дыбыс сыбызғыда ойнап тұрған адамның тамағынан шығуы тиіс. Мұндай өнерді игерген адам сыбызғыда еркін ойнай алады. 

Сыбызғы ағаштан, қурайдан жасалады. Тіпті жезден де жасалатын түрлері бар. Аспаптың жалпы ұзындығы - 600-650 мм, кейде 700-800 мм. Дыбысты түрлендіріп, құбылтуға себін тигізетін 3 немесе 4 ойығы болады. 

Қазір оқып жатыр