Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Философия нені зерттейді?

Талқылау
Пікір
Айғаным
08 Қараша, 16

Философия - ғылымдардың ішіндегі ең ерте шыққаны. Тарихта түрлі тарихи жағдайлар мен елдерде туған және саналуан қоғамдық таптар мен топтардың өкілдері жасаған толып жатқан философиялық система болды. 

Бізді қоршаған дүниеге үңіле қарайтын болсақ, оның барлық заттары мен құбылыстарының не материялық, не идеялық, рухани екенін байқауға болады. Объективті түрде, яғни адамның санасынан тыс және оған тәуелсіз өмір сүретін заттардың бәрі материялық құбылыстарға жатады. Ал адамның санасында өмір сүретін, оның психикалық қызметіне тән нәрселер идеялық, рухани салаға жатады.

Философияның негізгі мәселесінің екі жағы бар. Оның бірінші жағына алғашқысы не - материя ма әлде сана ма, материя сананы туғызады ма, әлде керісінше ме деген мәселені шешу жатады. Екінші жағы дүниені тануға бола ма, адамның парасаты табиғаттың сырына жетуге, оның даму заңдарын ашуға қабілетті ме деген мәселеге жауап береді. 

Ғылым және техника категориясындағы басқа сұрақтар
1
Ерлан
1 жыл бұрын пайда болды

Ғарышқа ең алғаш ұшқан ғарышкер кім?

1
Айғаным
1 жыл бұрын пайда болды

Мұнайдан қандай өнімдер алуға болады?

1
Болатбек
1 жыл бұрын пайда болды

Ең үлкен планета қандай?

1
Қырмызы
1 жыл бұрын пайда болды

Күнге ең жақын орналасқан қай планета?

1
Ақберен
1 жыл бұрын пайда болды

Алюминийден не жасалады?