Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Тасбақа туралы қызықты деректер білесіздер ме?

Данияр
Жауап қалдырылды 08 Қар, 16

Тасбақа туралы деректер:

  • Алып тасбақалар біздің ғаламшарымызда 70 миллион жыл бұрын тіршілік еткен. 
  • Қазіргі тасбақалар арасында да алыптары бар. Ол - терілі тасбақа. Бұл тасбақа теңіздер мен мұхиттарда тіршілік етеді. Терілі тасбақаның салмағы 300 килограммнан жарты тоннаға дейін барады. 
  • Тасбақалар ұзақ өмір сүреді. Олар 100 жылдан астам уақыт өмір сүре алады.
  • Тасбақалардың көру, есту, иіс сезу қабілеті өте жақсы.
  • Адамдармен араласқан кезде түрін есте сақтап алады. 
  • Тасбақаға жылы сөйлесеңіз, мойынын созып, мұқият тыңдайды. Ал қатқыл дауыспен сөйлеген кезде қабыршағына тығылады. 
  • Терілі тасбақа тамаша жүзеді. Ол 1200 метр тереңдікке сүңги алады.
  • Еуропада тасбақаның 3 түрі бар. Көп түрі Солтүстік Америкада мекендейді.
  • Батпақ тасбақасы тамақсыз 5 жыл өмір сүре алады. 
  • Тасбақалардың жынысы температураға байланысты: төмен температурада аталық тасбақалар, жоғары температурада ұрғашы тасбақалар дүниеге келеді. 
  • Суда тіршілік ететін тасбақаларға баяу қозғалу тән емес. Терілі тасбақа суда сағатына 35 км жылдамдықпен жүзеді. 
Қазір оқып жатыр