Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Мифология дегеніміз не?

Фархат
Жауап қалдырылды 09 Қар, 16

Миф - нақты бір тарихи уақытта, нақты бір географиялық географиялық кеңістікте, нақты бір саяси, әлеуметтік, мәдени, шаруашылық жағдайында тірлік етіп жатқан адамзат қоғамының өзі өмір сүріп отырған орта туралы, ғалам туралы, оның қалай пайда болғандығы, адамға ықпал ететін ішкі-сыртқы күштер туралы, өз қоғамының ғаламдағы орны, дәрежесі туралы түсініктердің жиынтығы, дәлірек айтқанда, "түсіндім" деген стереотипі. Яғни, бұл жағдайдағы Миф - ойдан шығарылған өтірік, жасанды дүние емес, нақты халықтың дүние мен өзі туралы Шындығы, басқаша айтқанда "шын" деп есептелінген, тариха, рухани тәжірибесіне сүйенген стереотиптік деңгейдегі Ақиқаты. Миф әрине, тарихи айғақ емес, бірақ нақты бір тарихи қоғамның танымы, рухани дамуымен байланысты қалыптасқан, тарихи негізі, қисыны бар, яғни бұл жағынан "ақиқат" деп есептеуге болатын дүние. 

Қазір оқып жатыр