Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Сүйінбай мен Қатағанның айтысы туралы не білесіздер?

Мадина
Жауап қалдырылды 09 Қар, 16

Академик Мұхтар Әуезов Сүйінбайдың айтыстағы өнерін өте жоғары бағалаған, оны "айтыс өнерінің алтын діңгегі" деп атаған. "Сүйінбай сан түрлі саңлақ ақындармен айтысқан, соның бәрін жеңген, әіресе Сүйінбай мен Қатағанның айтысы адам таңғаларлық ерекше айтыс қой! Мені алғаш рет қырғыз еліне таныстырған осы айтыс. Ел арасында көп жырладым", - депті Жамбыл жазушы Сапарғали Бегалинге айтқан бір естелігінде. 1937 жылы Жамбыл Жабаев Қырғыз ғылым академиясының ғылыми қызметкерлерінің өтініші бойынша, Сүйінбай мен Қатаған айтысының толық текстісін жаздырған. Фрунзенің ғылыми архивінде сақталған бұл қолжазба 98 беттен тұрады, араб әрпімен жазылған, сыртқы мұқабасында "Сүйінбай ақынның қырғыздың атақты ақыны Қатағанмен айтысқаны" деген жазу бар, барлығы 4472 тармақтан тұрады. Жамбыл жаздырған бұл материалдың тарихи маңызы зор, бірақ ақынның жылдам айтуына ілесе алмағандықтан көшіруші жолдас өлеңнің ұйқасы мен ырғағын, мазмұн бірлігін бірыңғай сақтай алмаған, шалағайлық, үстірттік жіберген. Сүйінбай мен Қатағанның айтысын Жамбылдан басқа Кенен, Үмбетәлі, Өтеп, Өмірзақ, Арғынбай, Қарабек, Мақыш, Шүкітай секілді белгілі Жетісу ақындары да жатқа білген. 

Қазір оқып жатыр