Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Ноғай Ордасы немен есте қалды?

Талқылау
Пікір
Қайсар
09 Қараша, 16

Ноғай Ордасы туралы сөз болғанда оның құрылу кезеңі Алтын Орданың аты әйгілі қолбасшы Едігенің  есімімен байланысты екенін есімізде ұстау ләзім. Ноғай батырдың иелігі қайсыбір шығармаларда Едіге ұлысы немесе Маңғыт жұрты деп те аталады. 

Ноғай кезеңі (ХV-XVІІ ғғ.) Солтүстік-Шығыс Каспий өңірінің тарихында елеулі орын алды. Маңғыт тайпасы әуелгіде әскербасы Ноғайдың атымен жеке үстемдік етті. Едіге әмірдің кезінде дербес Ноғай Ордасы бедерленді. Оның негізгі халықтарын маңғыттар құрады. Сонымен бірге Орданың құрамына Қоңырат, Қыпшақ, Алшын, Тама, Арғын, Қаңлы, Алаша, Кенгерес, Қарлұқ және басқа тайпалар енді. 

Серікжан
09 Қараша, 16

Еуразия халықтарының тарихында ерекше із қалдырған Ноғай Ордасф мемлекеттілігінің туындай кезеңін сөз еткенде сол мезгілдегі моңғол шапқыншылығына байланысты саяси, экономикалық жағдайларға қайта айналып соға кетуге тура келеді. Жаулап алынған аймақтарда жаңа мемлекеттердің пайда болуы ноғайлар мен оған көршілес елдердің бұдан былайғы тағдырына саяси тұрғыдан өзінің қолайлы әсерін тигізбей қойған жоқ. 

Шыңғыс хан мен оның мұрагерлері құрған алапат империя Тынық мұхиттан Жерорта теңізіне дейінгі аумақты алып жатты. Мемлекеттің жер аумағы оның негізін қалаушының ұлдарына ұлыстар арқылы бөлініп беріледі. Кейін осы ұлыстардың негізінде Алтын Орда, Ақ Орда, Көк Орда, Ноғай Ордасы, Моғолстан және басқ дербес мемлекеттік бірлестіктер дүниеге келді. Моңғолдардың ата салты бойынша империя түгелдей Шыңғыс хан ұрпақтарының меншігінем айналды. 

Тарих категориясындағы басқа сұрақтар
1
Дәурен
1 жыл бұрын пайда болды

Жалайыр қай жүзге жатады?

1
Ажар
1 жыл бұрын пайда болды

Найман қай жүзге жатады?

1
Бақытгүл
1 жыл бұрын пайда болды

Ұлы жібек жолы қай жерден басталды?

1
Динара
1 жыл бұрын пайда болды

Алтын Орданың негізін қалаған кім?

1
Қырмызы
1 жыл бұрын пайда болды

Сақтар Қазақстан аумағын қай уақытта мекендеді?