Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Секс физикалық жай-күйді бұзатыны рас па?

Талқылау
Пікір
Дастан
10 Қараша, 16

Жыныстық қатынастың спортшының физикалық жай-күйіне кері әсер ететінінің дәлелі жоқ. 

Әрине, мұндай кезде ұйқысыз түндер керек емес. Бірақ жүргізілген зерттеу жұмыстарының бірде-бірі жыныстық қатынастың спортшыны күш-қуатынан айыратынын көрсетпеді. "Спорттық медицина клиникалық журналында" жарияланған зерттеу жұмысы бәрі де адамға байланысты екенін айтады: біреулерге жыныстық қатынас босаңсып, үрейлі күйден арылуға көмектессе, кейбіріне жаттығуларға енжар болмас үшін жыныстық қатынастан бас тартқан жөн. Ал басқа зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша, спорттық дәстүрлер мен рәсімдер ойыншылардың бар күшін ойынға шоғырландыруына көмектеседі. 

Дастан
10 Қараша, 16

Неліктен спортшыларды бір ай әйелдері мен сүйіктілерінсіз қалдырады?

Маңызды жарыстардың алдында жыныстық қатынасқа түсу спортшыға зиянын тигізуі мүмкін деп саналады. Оның салдарынан физикалық қабілеттері нашарлап, спортшы әдеттегіден нашар нәтиже көрсетеді екен-мыс. Футбол командаларының көптеген жаттықтырушылары маңызды матч алдында тән жақындығына тыйым салады. Тіпті оларды әйелдерінсіз жеке базаға алып барып, ойынға дайындық кезінде ол жерден шығуға тыйым салады. Ресей, Босния, Германия, Чили, Мексика құрамалары осындай әдісті ұстанғаны белгілі. Кейде спортшылар өз еркімен жыныстық қатынастан бас тартады. Төбелестерінің бірінің алдында Мұхаммед Әлидің 6 апта тән жақындығынан аулақ болғаны белгілі.

Денсаулық категориясындағы басқа сұрақтар
1
Ерасыл
1 жыл бұрын пайда болды

Шынашақ деген қай саусақ?

1
Admin
1 жыл бұрын пайда болды

Менструалдық цикл дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Стресс дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Пандемия дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Антисептик дегеніміз не?