Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

"Көк тудың желбірегені" әнінің сөзі бар ма?

Зәуре
Жауап қалдырылды 15 Қар, 16

Көк тудың желбірегені

Алмас Ахметбекұлы

Көк тудың желбірегені

Қазақтың асқақ беделі.

Махаббат, қайрат екеулеп,

шымырлатқаны денені.

Көк тудың желбірегені –

жаныма қуат береді.

Таласқа түссе жан мен ту

жан емес

маған керегі –

Көк тудың желбірегені.

Көк тудың желбірегені –

елдіктің асқақ өлеңі,

әр жаққа тартпай, Қазағым,

бір сөзге жинал дегені.

Көк тудың желбірегені –

бақыттың елжірегені,

қиырда қалған Қазақтың

Азат Отанға жете алмай

көзінің мөлдірегені.

Қазір оқып жатыр