Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Шоқан Уәлиханов қандай еңбектер жазған?

Нұртай
Жауап қалдырылды 17 Қар, 16

Шоқан Уәлихановтың Алатау Қырғыздарына сапары әйгілі Қашқар экспедициясының алдындағы сын қадамы болды. Қырғыздардың "Манас" атты тамаша шығармасына көңіл аударды. Өзін әйгілі еткен Қашқар сапарына 1858-1859 жылдары барған. Маарко Поло мен жиһанкез Гоестен кейін бұл елге тұңғыш барған шетелдік - Шоқан еді.

Шоқан Уәлихановтың достарының қатарында аса көрнекті орыс жазушысы Ф.М.Достоевский де болды. Тұңғыш рет Омбыда танысқан. Мұнан кейін Семейде жалғасқан достықтары ғалім өміріндегі үлкен оқиғалардың бірі болды. Екеуінің достығы Петербургте де жалғасын тапты. 1861 жылдан кейін дара билеушілікке қарсы күрестен соң бұрынғы бағытынан ауа бастаағн досының көзқарасына Шоқан сын көзбен қарады. 

1861 жылдың көктем мезгілінде ғалым детті болып, елге қайтады. Онда ағайын-туысымен келісе алмай, қайтадан Омбыға қайтып келеді. Мұнда қазақтың сот реформасына байланысты кейбір мәселелерді шешуге атсалысты. Ал 1864 жылы генерал М.Г.Черняевтің әскери экспедициясы құрамында Әулиеата бекінісін алуда әскери қимылдарға қатысты. Алайда генералдың әділетсіздігіне мейлінше налыған Шоқан 1864 жылдың маусым айында басқа да М.Г.Черняевқка наразы офицерлермен бірге Верныйға қайтып оралады. 

Нұртай
Жауап қалдырылды 17 Қар, 16

Оның «Қазақ халық позициясының түрлері жөнінде», «Тәңірі», «Оңтүстік Сібір тайпаларының тарихынан», «Жоңғария очерктері», «Қазақ шежіресі», «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Профессор И.Н. Березинге хат», Профессор И.Н.Березиннің «Хан жарлықтары» атты кітабын оқығанда», «Жамиғ ат-тауарихтан», «Тарихи Рашидиден», т.б. зерттеулері, мақалалары ғалымның филолог ретінде биік ой-тұжырымдарын, терең білімдарлығын, халқының көркем сөз қатынасын, тілін ерекше сүйгендігін және басқа халықтар рухани қорынан еш кем түспейтін қадір-қасиеттерін жоғары бағалағандығын танытады. Ш. Уәлихановтың ғылыми мұрасындағы ең ірі еңбегі - «Алты шәрді немесе Қытайдың Нан-Лу провинциясындағы шығыстың алты қаласының жайы туралы». Осы елдің әлеуметтік-экономикалық жэне саяси өмірі жөніндегі бағалы деректер шығыстану ғылымына қосылған елеулі үлес болды. Уәлихановқа дейін бірде-бір ғалым Қашқариядан аман-есен оралып, жұртшылықты осы өлкенің тарихымен, саяси- экономикалық жағдайымен таныстыра алмаған еді. Ол жерде кейіннен болуына тура келген немесе ол елді зерттеумен шұғылданған адамдардың бәрі, ең алдымен, Уәлихановтың еңбегін оқып, қажетті мәліметтерді содан алып отырды. 

Нұртай
Жауап қалдырылды 17 Қар, 16

Ш. Уәлихановтың ғылыми мұрасы Қазақстанның және көп ұлтты Ресейдің басқа да халықтары проблемаларының өзекті тұстарын қамтиды. Шоқанның қазақ халқының кұрылуы, XVII - XIX ғасырдың бірінші жартсындагы Қазақстанның әлеуметтік жэне саяси тарихы, қазақтардың Ресей бодандығын қабылдауы, Орта Азия мен Шығыс Түркістан халықтарының рухани және материалдық мәдениетінің тарихи проблемаларына арналған ғылыми зерттеулері Орта Азия мен Қазақстан халықтарының тұрмысын зерттеуге аса бағалы үлес болып қосылып, замандастарының орасан зор ынтасын туғызды. Ғалым Қазақстанның Россияға қосылуы туралы мәселеде прогресшіл позициясын ұстады. «Азиятшылдық» үстемдік еткен Орта Азия мен Қытай емес, тек игі ықпал жасап, қазақ халқының мәдениеті артуына жәрдемдесе алатынына ол кәміл сенді. Ш.Ш. Уәлиханов қазақ халқының әдебиетін, тілін терең зерттеп, кең талдау жасап, тарихи өмірімен байланыстылығын, идеялық - көркемдік қасиеттерін ашқан, жанрланрына анықтама берген тұңғыш филолог галым. Қазақ ағартушысы көрші халықтар: қырғыздардың, өзбектердің, ұйғырлар мен қалмақтардың тағдырына да зор қүрметпен қарады, олардың тарихын, этнографиясы мен тұрмысын сүйсіне зерттеді.

Қазір оқып жатыр