Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Балаға әріптерді қалай үйретуге болады?

Талшын
Жауап қалдырылды 18 Қар, 16

Балаға әріптерді үйрету үшін төменде аталғандарды ескеру шарт: 

Біріншіден, әріптердің суреті салынған үлеспе қағаздарды, кубик, магнитті әліппе, түрлі плакаттар мен жапсырма қағаздарды қолдануға болады. 

Екіншіден, ата-аналары балаларымен бірге қағазға, тақтаға, жерге әріптің суретін салуы керек. Ол әріптерді жылдам жаттауға көмектеседі.

Үшіншіден, үйде кездесетін ұсақ заттардан әріптерді құрастыруға болады. Мысалы, түйме, таяқтар және т.б. Ол әріптерді жаттауға ғана емес, ұсақ моториканы дамытуға көмектеседі.

Ескерілуі тиіс ең негізгі ереже - әліпбиді бір әріптен үйрету керек.

Баланы қинап, күштеп әріп үйренуге мәжбүрлеудің керегі жоқ. Ол баланың қызығушылығы мен ниетін бұзады. Нәтижесінде балаға әріптерді жаттау ауыр соғады. 

Талшын
Жауап қалдырылды 18 Қар, 16

Әріптерді үйренуге дайындалудың бірнеше ережесі бар:

  1. оқитын кітапты баланың өзі таңдағаны, беттерін өзі аударғаны жөн;
  2. суреттерге мұқият назар аударып, оларды талқылаңыздар;
  3. оқыған дүниені талқылаңыздар, бала мазмұнын айтып берсін. 

Ал балаларды оқуға үйрету үшін назар аударатын дүниелер көп. Ең алдымен баланың "бала" екенін түсініңіз. Оны асықтырудың, шамасынан тыс дүниені талап етудің қажеті жоқ. Және әріптерді үйрету барысында түрлі ойындарды қолданып, қызығушылығын оятудың маңызы зор. 

Қазір оқып жатыр