Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Ләйлә Сұлтанқызының өмірбаяны бар ма?

Талқылау
Пікір
Эльмира
18 Қараша, 16

Сеңгірбекова Ләйлә Сұлтанқызы 1977 жылы желтоқсанның 18 жұлдызында Шымкентте дүние есігін ашқан. Ол - тележүргізуші, балаларға арналған "Балапан" телеарнасының директоры, "Әйел бақыты" ток-шоуының авторы және жүргізушісі, телевизиялық продюсер, медиа-менеджер және танымал журналист. Журналист 1999 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. 1997-1998 жылдары "Интерньюс-Қазақстан" телерадиожурналистика курсынан өткен. 

Ол тележүргізуші мансабын 1997 жылы "Шаһар" телеарнасында бастаған. 1999-2003 жылдары "Шаһар" телеарнасында продюсерлік қызмет атқарған. 2003-2006 жылдары "Hit TV" телеарнасының директоры болды. 2008 жылы "Қазақстан" телеарнасының бағдарламалық продюсері болып жұмыс істеген. «KazMedia Mobile» ТЖС бас директоры қызметін атқарды. 2012 жылы  "Балапан" телеарнасына директор қызметіне келген. Бүгінде "Қазақстан" телеарнасындағы "Әйел бақыты" ток-шоуының авторы әрі жүргізушісі. 

Танымал тұлғалар категориясындағы басқа сұрақтар
1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Қазақстан туының авторы кім?

0
ая
5 жыл бұрын пайда болды

Абай қалай кайтыс болды?

1
Рауан
5 жыл бұрын пайда болды

Мырзағали Айтжановтың қазақ тілінде өмірбаяны бар ма?

Мырзағали Айтжановтың өмірбаяны
2
Темірлан
7 жыл бұрын пайда болды

Ермек Серкебаевтың өмірбаяны бар ма?