Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Пайдалы қазбалар туралы деректер білесіздер ме?

Талқылау
Пікір
Сұлу
24 Қараша, 16

Пайдалы қазбалар туралы деректер:

  • Темір бұрыннан бері адамдар арасында кеңінен қолданылып келеді. Археологтар б.з.б. ІІ-ІІІ  ғасырларда-ақ темірден заттар жасала бастағанын дәлелдеді. Бұл пайдалы қазбаны алғаш рет Месопатамия тұрғындары қолдана бастаған. 
  • Хлорлы натрий немесе тұз көптеп өндіріледі. Бұл пайдалы қазбаның адам өміріне қажеттігіне қарамастан, оның тек 6%-ы тағамдық мақсатта қолданылады екен. Көктайғақ болғанда жерге себу үшін 17%-ы пайдаланылады. Ал 77%-ы пайызы өнерәсіпте қолданылады. 
  • ХVІ ғасырда Африка жағалауларына келген испаниялық саяхатшылар алғаш рет платнинаны тауып алған. Бұл материалды зерттегеннен кейін оның баяу балқитыны анықталған. Осы себепті оны жарамсыз деп тауып, құны күмістен де төмен болған. 
  • Күміс бағзы замандардан-ақ бактерияға қарсы әсерімен танымал. Көне Рим әскерлері оны емдік мақсатта қолданған. Егер соғыста адам ауыр жарақат салса, емшілер жарақат орнына күмістің жалпақ тілігін басқан. Мұндай ем шараларнынан кейін жарақат жылдам әрі еш қиындықсыз жазылып кеткен. 
Сұлу
24 Қараша, 16

Пайдалы қазбалар туралы деректер:

  • Көмір - отын ретінде кеңінен қолданылатын пайдалы қазба. Қалыңдығы 20 метрлік шымтезек қабатынан ұысым салдарынан небары 2 метрлік көмір қабаты түзіледі. 
  • Малахит - жартылай бағалы тас. Одан түрлі әшекей бұйымдар жасалады. Табылған ең үлкен тастың салмағы 1,5 тоннаны құраған. Мұндай қазынаны тапқан тау-кеншілері оны Екатерина ІІ патшайымға сыйлаған. 
  • Обсидиан - жанартау шынысы. Бұл материал жоғары тығыздыққа ие. Ол жанартау атқылаған кезде жоғары температура салдарынан түзіледі. Археологтар алғашқы хирургиялық құралдардың дәл осы материалдан жасалғанының дәлелін тапты.
  • Бүгінде мұнай мен оның қалай пайда болатыны жайлы көпшілігіміз білеміз. Бұл пайдалы қазбаны алғашында киттің зәрі деп түсінген. Қара алтында су қоймасы бетінен жинау арқылы ала бастаған. Бүгінде мұнайды Жер қойнауынан сорғыш станциялар көмегімен аорып алады. 
  • Алтын ең иілгіш металл ретінде мойындалған. Ол тігін жіптерін жасау үшін де қолданылады. 1 унция алтыннан ұзындығы шамамен 80 км болатын жіп жасауға болады. 
Ғылым және техника категориясындағы басқа сұрақтар
1
Ерлан
1 жыл бұрын пайда болды

Ғарышқа ең алғаш ұшқан ғарышкер кім?

1
Айғаным
1 жыл бұрын пайда болды

Мұнайдан қандай өнімдер алуға болады?

1
Болатбек
1 жыл бұрын пайда болды

Ең үлкен планета қандай?

1
Қырмызы
1 жыл бұрын пайда болды

Күнге ең жақын орналасқан қай планета?

1
Ақберен
1 жыл бұрын пайда болды

Алюминийден не жасалады?