Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Циклон дегеніміз не?

Тыныштық
Жауап қалдырылды 25 Қар, 16

Циклон - ауа қабатының қысымы төменгі аймағы. Ол атмосферада болатын әрекеттердің орталықтарының бірі болып табылады. Ауа қыымы циклон ішінде ортадан шетке қарай бағытта артып отарады. Солтүстік жарты шарда сағат тілінің айнау бағытымен қимылдаса, Оңтүстікжарты шарда сағат тіл айналатын бағыт бойынша қимылдайды. Аталған құбылыс синоптикалық картадажинақталған тұйық изобаралар ретінде сипатталады. Әдетте циклон жердегі ауа қабатындағы жылы және суық ауаны бөлетін тұрақты ауа шебінің жоғары жағында қалыптасады. Циклон орын алатын аумақтың ені кейде 1000-3000 км-ге дейін барады. Циклон жаңарып өткен сайын ауа райы құбылып, бұзылып, күшті жел тұрып, аспанды шарбы бұлт басады. Көп жағдайда циклон бірнеше тәулік бойы қалыптасады. Алғашында қарқынды түрде қозғалса, уақыт өте келе бәсеңдей бастайды.

Қазір оқып жатыр