Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Жастар туралы қанатты сөздер білесіздер ме?

Асқар
Жауап қалдырылды 24 Қар, 16

Жігіттік-абзалы ғой бар өмірдің,
Жоғалар оғындай боп о да өмірдің.
Жүсіп Баласағұни

***

Жастықтың бойынан парықсыз паңды емес, өз өнерінің күшіне сенер мығымдық тапқан қандай жақсы.
Ғабит Мүсірепов

***

Таңдамасаң жастай жолдың дұрысын, 
Жас болып та көрген күнің құрысын.
Әбдірахман Жәми

***

Жастық өз уақытын білмейді.
Реванди Хорезми

***

Жасында тырысқан-қартайғанда қуанады.
Махмұд Қашқари

Асқар
Жауап қалдырылды 24 Қар, 16

Мен жанбасам лапылдап,
Сен жанбасаң лапылдап,
Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ.

Назым Хикмет

***

Арыстандай айбатты, 

Жолбарыстай қайратты, 

Қырандай күшті қанатты

Мен жастарға сенемін.

Мағжан Жұмабаев

***

Жас уақытта-көңіл гүл.
Абай Құнанбаев

Қазір оқып жатыр