Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

"Титаник" кемесі батып кетуінің себебі неде?

Талқылау
Пікір
Мағрипа
24 Қараша, 16

Сонымен қатар, түнге қарай температура айтарлықтай төмендеген. Кеме командасында дүрбі болмағанымен қоймай, мұндай үлкен кеме қуатты жарық түсіретін құралдармен жабдықталмаған. Сондықтан алдағыны барлап отырған адам мұзтауды 650 м қашықтықта көрген. Ол капитан мінбесіне дабыл берген. Ондағы бірінші көмекші Мёрдок "Солға бұру" және "Артқа жүрісті іске қосу" деген бұйрық береді. Мұнан кейін "Оңға" деген бұйрық берілген. Бірақ жай қозғалатын кеме бұрылыстарды ақырын жасайтын. Борт мұзтауға соғылған. Дәл осы себепті "Титаник" кемесі қирап, суға батты. 

Мағрипа
24 Қараша, 16

"Титаник" кемесінің көлемі адам таңғаларлықтай. Оның ұзындығы 269 м, ені 28 м, биіктігі 18 метрді құраған. Лайнерді суға жіберген кезде жағалауға 10 000 көрермен жиналған. Олардың ішінде VIP-қонақтар мен бұқаралық ақпарат құралы болған еді.

Кемеге отырғызу Лондонда сәуірдің 10-ы күні сағат 9:30-да басталған. Бірнеше жоспарлы тексерістен кейін лайнер Нью-Йоркке қарай бағыт алды. Жалпы алғанда, кеме бортында 2208 адам болған. 

Мұхитқа шыққан кезде команда кемеде дүрбі жоқ екенін түсінген. Дүрбі жатқан жәшіктің кілті қолдарында болмаған еді. Кеме қауіпсіз деген бағытпен Нью-Йоркке қарай бет алды. Оны жыл маусымына байланыссыз таңдаған. Көктемде су мұзтаулар толы болады. Бірақ тұжырым бойынша, ол лайнерді қатты бұзбауы тиіс. Десе де капитан "Титаникті" қатты жүргізуге бұйрық берген. Кеменің суға шыққан алғашқы күндері тыныш өткен. Бірақ 14 сәуір күні радиошылар мұзтаулар туралы бірнеге рет ескертулер алған. Олардың көбісін құлаққа ілмеген еді. 

Тарих категориясындағы басқа сұрақтар
1
Дәурен
1 жыл бұрын пайда болды

Жалайыр қай жүзге жатады?

1
Ажар
1 жыл бұрын пайда болды

Найман қай жүзге жатады?

1
Бақытгүл
1 жыл бұрын пайда болды

Ұлы жібек жолы қай жерден басталды?

1
Динара
1 жыл бұрын пайда болды

Алтын Орданың негізін қалаған кім?

1
Қырмызы
1 жыл бұрын пайда болды

Сақтар Қазақстан аумағын қай уақытта мекендеді?