Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Макроэкономика деген не?

Талқылау
Пікір
Қалтай
29 Қараша, 16

Макроэкономика - экономиканы тұтас алып зерттейтін экономикалық теория бөлімі, сондай-ақ үй қожалығы (шаруашылығы, бизнес, мемлекеттік сектор, т.б.) сияқты аса маңызды құрамдас жиынтықтары. Макроэкономикалық циклдік кезеңдер, экономикалық өрлеу, жұмыспен қамтылу, инфляция проблемаларын, жалпы экономика ауқымындағы басқа да мәселелерді, сондай-ақ ұлттық экономикалардың ықпалдастығын зерттейді. Макроэкономика шеңберінде зерттелетін проблемаларға теориялық талдау жасалып қана қоймайды, сонымен қатар экономикалық саясатты жүргізу жөнінде ұсыныс-кеңестер де беріледі. Экономикалық саясаттың стратегиялық және тактикалық мәндеттерін айқындау, құралдарды таңдау, мақсаттарды үйлестіру - қазіргі заманға макроэкономиканың аса маңызды құрамдас бөлігі. Экономистер әдетте экономикадағы үдерістердің бүкіл кешенін - жиынтық өндірісті, жұмыспен қамтуды, бағаның жалпы деңгейін, экономикалық саясаттың мақсаттары мен проблемаларын, сыртқы сауданы, инфляцияны, мемлекеттік сектордың жұмыс істеуін, т.б. зерделеуді "макроэкономикалық теория" деп атайды,

Ғылым және техника категориясындағы басқа сұрақтар
1
Ерлан
1 жыл бұрын пайда болды

Ғарышқа ең алғаш ұшқан ғарышкер кім?

1
Айғаным
1 жыл бұрын пайда болды

Мұнайдан қандай өнімдер алуға болады?

1
Болатбек
1 жыл бұрын пайда болды

Ең үлкен планета қандай?

1
Қырмызы
1 жыл бұрын пайда болды

Күнге ең жақын орналасқан қай планета?

1
Ақберен
1 жыл бұрын пайда болды

Алюминийден не жасалады?